Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50 пайызға төмендету жоспарлануда
Фото: primeminister.kz
993
оқылды

Үкімет отырысында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетілуде. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады. 

– Біз ми ісіктері мен тамырлы патологияларды бір сатылы емдеу үшін гибридті операциялық бөлмелерді енгізіп жатырмыз. Қызметті жаңғырту аясында 36 балаға "гамма-пышақ" аппаратында радиохирургиялық операциялар жүргізілді.  Жыл сайын 400 балаға есту импланттары орнату бойынша операциялар жасалады, орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. Жоспарланған іс-шаралардың барлық кешені азаматтардың шетелге емделуге жіберілуін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті министр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.