Ол Қазақстан Туын бірнеше рет көрсетіп, ерекше сүйіспеншілікпен қайталаған.
«Қандай ақылды!»: Роза Рымбаеваның немересі жұртты таңғалдырды (видео)
2,265
оқылды

Халық әртісі Роза Рымбаеваның үш жастағы немересі Зейін зеректігімен желі қолданушыларын таңғалдырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Зейіннің анасы, қобызшы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде ұлының бейнежазбасын жариялады. Онда Зейін онға дейін санап, анасының сұрағына жауап берген. Сәби әр елдің туын жатқа біліп, жаңылыспай көрсетіп тұрғанын байқауға болады.

Ол Қазақстан Туын бірнеше рет көрсетіп, ерекше сүйіспеншілікпен қайталаған.

Желі қолданушылары Зейннің есте сақтау қабілетінің жоғары екенін айтып, жарқын болашақ тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.