Ұлттық кітапханада жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақау Дәуренбековтің туғанына 80 жыл толуына орай «Сарабдал сөз иесі – Жақау Дәуренбеков» атты еске алу кеші өтті.
Сарабдал сөз иесі
102
оқылды

Кешке қаламгердің замандастары, әріптестері, әдебиеттанушылар мен журналистер қатысып, қаламгердің шығармашылығы мен отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесін талқылады. Сонымен қатар іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты бейнематериалдар ұсынылды. 

Жақау Дәуренбеков еңбек жолын Арал аудандық «Толқын» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Одан кейін «Жас Алашта» (бұрынғы «Лениншіл жас») жалғастарды. Жастар газетінде әдеби қызметкер, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, «Өнер» баспасында бөлім меңгеруші, Бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен.    1994 жылдан бері республикалық «Ана тілі» баспасының директоры болды. Оның «Бөгенауыл балалары» кітабы, «№28 комсомол билеті», «Шұғыла шақ», «Ауылым – алтын бесігім», «Алғашқы сабақ», «Саяқ», «Күн ұясы», «Бір нәзік сәуле», «Ойдауа», «Жағалау» және басқа да повестері оқырман ықыласына бөленген.

Сымбат БЕГІМБАЙ