Іс-шара елордадағы Психологиялық қолдау орталығы мен Байқоңыр ауданының прокуратурасмен бірлесіп ұйымдастырылды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылармен жүздесу өтті
баспасөз орталығы
159
оқылды

Астанадағы №119 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жоғары сынып оқушыларына арнап «Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті, - деп хабарлады Aikyn.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

Байқоңыр ауданы прокуратурасы Қылмыстық қудалау бөлімінің басшысы Мұхтар Өсерханның айтуынша, кездесудің мақсаты әрбір оқушының іс-әрекеті болашақта өз тағдырына әсер ететінін көрсету, заңды түсіндіру.

– Мысалы, заң бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қылмыстық кодексте аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (оның ішінде адам өлтіру бойынша) 14 жастан бастап жауапкершілікке тартылады. Егер ұрлық жасаса 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру болмаса шектеу жазасы қолданылады. Сондықтан бір қылмыс жасағаны үшін 5 жылдан 8 жылға дейін мемлекеттік мекемеге түсу оңай емес. Сол үшін әр әрекетті жасамас бұрын алдымен он рет ойланған жөн», – деді Мұхтар Өсерхан.

Статистикаға көз жүгіртсек, 2025 жылы «Байқоңыр» ауданында кәмелетке толмағандар арасында 36 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде 11-і – ұрлық, 14 іс – алаяқтық, ал қалғаны – ұсақ қылмыстар.

Сондай-ақ, кездесуде сөз сөйлеген спикерлер оқушыларға оңай жолмен ақша табудың салдарын түсіндіріп, мотивациялық ақыл-кеңес берді.