Оның айтуынша, қарындасын алып қашу кезінде пайдаланылған көлік қара түсті болған әрі маркасы да басқа.
«Видеодағы көлік басқа»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы мәлімдеме жасады
449
оқылды

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке тарап кеткен видеоларға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оның айтуынша, қарындасын алып қашу кезінде пайдаланылған көлік қара түсті болған әрі маркасы да басқа. Ал әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ақ түсті, өзге маркалы көлік көрсетілген.

 

– Пабликтерде тарап жатқан видеоларға қатысты өз пікірімді білдіргім келеді. Алып қашу кезінде қара түсті, басқа маркалы көлік болған. Ал видеода ақ түсті көлік көрінеді. Ол сәтте Нұрай жалғыз болған, жанындағы 50 адам – бөгде кісілер. Күліп тұрған адам да Нұрай емес, алдыңғы орындықта отырған басқа адам. Соңында Нұрай қарсыласқандай болып, орамалын шешпекші болғаны байқалады, яғни оның бұл жағдайды қаламағаны көрініп тұр. Менің ойымша, бұл жерде Нұрайдың үлкендерге деген құрметі мен сол сәттегі шаршаңқы күйі әсер еткен, – деді марқұмның ағасы.