Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.
Сенсация! Теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: ҚТФ
218
оқылды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Мельбурн қаласында (Аустралия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Нұрланұлы ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен (ITF Juniors рейтингі - 48) кездесті.

Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.

Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сындағы алғашқы жартылай финалисі атанды.