Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Threads желісінде науқас азаматтардың әлеуметтік құқығына қатысты өзекті мәселені қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазіргі заңнама талабы бойынша, мүгедектік рәсімдеу, жәрдемақы немесе техникалық оңалту құралдарын алу үшін адамның өзі өтініш жіберуі керек. Алайда айлап, тіпті жылдап комада жатқан адамдар өтініш жаза алмайды.
Осы мәселені шешу үшін депутат заңнамаға тиісті түзету енгізілгенін мәлімдеді.
"Енді комада жатқан адамның заңды өкілдері оның атынан өтініш беріп, мүгедектікті рәсімдей алады. Кейін жәрдемақыларды, ТСР мен басқа да қажетті әлеуметтік көмекті алу мүмкіндігі туады. Бұл – ең алдымен адамгершілік мәселесі", – деп жазды депутат.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.