Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады
Фото: Clive Brunskill / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
191
оқылды

Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирде топ жарып, жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Аустралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.