Кеше ол әйелдер арасындағы жекелей сында турнир чемпионы болды.
Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемнің үшінші ракеткасы атанады
168
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open — 2026 турнирінің қорытындысы бойынша әлемнің үшінші ракеткасы атанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Кеше ол әйелдер арасындағы жекелей сында турнир чемпионы болды.

Финалда Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенканы жеңді. Қарсыластар арасындағы кездесу 2 сағат 18 минутқа созылып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұл — Рыбакинаның қатарынан жеңіп алған бесінші финалы. Бұған дейін ол Штутгарт–2024, Страсбург–2025, Нинбо–2025 және Қорытынды турнир–2025 жарыстарының финалында жеңіске жеткен.

Бұл жеңіс Елена Рыбакинаға «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші титулын сыйлады. 2022 жылы ол Уимблдон турнирінің чемпионы атанған