Полиция қызметкерлері бұл әрекетті жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы деп бағалады.
Белгілі әнші Ернар Айдарға жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды
469
оқылды

Белгілі әнші Ернар Айдардың жаңа көлігімен бейнежазба түсіргені интернетте таралып, Жамбыл облысының полиция қызметкерлерінің назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бейнежазбада әнші тас жолдың қақ ортасында қос тұтас сызық үстіне жол талғамайтын жаңа көлігін қойып, одан кейін автокөлігін көрсетіп тұрған. Полиция қызметкерлері бұл әрекетті жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы деп бағалады.

Нәтижесінде Ернар Айдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша жауапкершілік жүктелді:

көлікті дұрыс емес жерде тоқтату немесе қою;

жол белгілері мен таңбаларды елемеу;

жолды белгіленбеген жерден кесіп өту.

Тексеру қорытындысы бойынша әншіге айыппұл салынды. Ішкі істер министрлігі жол үстінде бейнежазба түсіру қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.