Жаңа вагон заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалған.
«Астана – Семей» бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді
Фото: gov.kz
239
оқылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Астана – Семей» бағытындағы №121/122 жедел жолаушылар пойызы құрамына «Арай транс KZ» ЖШС ұсынған жаңа купелік жолаушылар вагонының қосылғанын мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

Вагонда жұмсақ әрі эргономикалық орындықтар, ауа кондиционерлеу жүйесі, бейнебақылау, экологиялық таза биодәретхана кешені, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен ноутбуктерді қуаттауға арналған USB және Type-C ұяшықтары қарастырылған.

2023-2024 жылдар аралығында «Арай транс KZ» ЖШС жылжымалы құрамды жаңарту аясында тағы үш жолаушылар вагонын (1 купелік, 2 плацкарттық) пайдалануға берді. Аталған шаралар теміржол паркін жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету және жолаушылар паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.