Серік Сәпиевтің қатысуымен болған резонансты оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бұл жағдай кадрлық шешімнің өзгеруіне ұласты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қарағанды облысы әкімдігі Сәпиев пен оның орынбасары қызметтен кеткенін хабарлады.
Полицияның мәліметінше, екі ер адам арасында ауызша жанжал туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде «ұрып-соғу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Санкция айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауды көздейді.
Жанжал кең қоғамдық резонанс тудырып, өңірдегі спорт саласын басқару жүйесіне қатысты қызметтік тексеріс пен аудит тағайындалды.
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов өз өтініштері бойынша қызметтен босатылды.