15 жылға созылған некеде уақыт өте келе түсіністік жоғалған.
15 жылдық некеміз бұзылды: Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі екі баласымен бөлек кеткенін айтты
626
оқылды

Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина Жолбарыс әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесімен жұртты елең еткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.  Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Екатеринаның айтуынша, отбасылық өміріндегі ауыр кезеңінде күйеуінен екі баласымен бөлек кету туралы қабылдаған шешімін ашық баяндады.

– 15 жылға созылған некеде уақыт өте келе түсіністік жоғалып, ортақ әңгіме де, келісім де нәтиже бермеді. Екеуара әңгімелер де көмектеспеді. Бір-бірімізді естімедік. Сезім болды, бірақ анықтық болмады, – деп жазды ол.

 Оның сөзінше,  жаңа өмір бастауға бел буғанымен, оған бастар жол ауыр болғанын жасырмады. Бұл  – өзін және балаларын сақтап қалудың жалғыз жолы. Сөйтіп, нумерологияға жауапсыз қалған сұраққа жауап іздеп, бәрі ішкі ізденісінен басталған.

«Өз қателіктерімді түсініп, оларды түзету жолын көрдім», – дейді Екатерина.

Қазір ол бұл кезеңді жеке трансформация мен рухани өсу жолы деп бағалайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Катя Вайт (@katya.white.kz)