ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– 2026 жылғы 5 ақпан сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-85 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 5 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.