Журналист Руслан Өтепбай Атырауда із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты арнайы зерттеу жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Зерттеу мәліметтерін келесі аптада жарияламақ.
«Бүгін Атыраудағы соңғы күнім. Қала тамаша екен. Тұрғындары тіпті бөлек. Қызыл балықтан бешбармақ жеп, Жайықтың үстінде жаяу жүріп қайттым. Атырауға келу себебім - Жангелдин ауылына барып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ол туралы келесі апта баяндаймын. Ал ертең Шымкентке барып, қаскөйдің қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасынан сұхбат аламын. Сапарымыз сәтті болғай», - деп жазды журналист.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.