Биылғы есеп қорытындысы бойынша, жануарлар санының тұрақты екені байқалды.
"Алтын-Емел"  ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген аңдарға қысқы санақ жүргізілді
Фото: gov.kz
135
оқылды

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2026 жылдың 3-4 ақпан күндері Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануарлар – құлан, қарақұйрық және арқарға қысқы санақ жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған санақ – ұлттық парктің жыл бойы атқарған табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстарының нақты нәтижесін көрсетеді.

Санақ жұмыстары 14 бағытта жүргізілді. Оның ішінде 11 бағыт автокөлікпен, ал 3 бағыт атпен ұйымдастырылды.

Айта кетейік, «Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағында тек тұяқты жануарлар ғана емес, сонымен қатар қар барысы, сілеусін, аю, сабаншы, қасқыр, түлкі, Сібір тау ешкісі сияқты аң-құстардың көптеген түрі мекендейді.

Санақ жұмыстарының ақпан айында жүргізілуі кездейсоқ емес. Қыстың салқын мезгілінде жануарлар бір жерге шоғырланып жүретіндіктен, олардың нақты санын анықтауға қолайлы жағдай туады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.