Іс-шара барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аян есімді кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті.
Теннисші Александр Бублик қазақ дәстүріне құрмет көрсетіп, бүлдіршіннің тұсауын кесті
178
оқылды

Бүгін Астанада теннистен Дэвис кубогі аясында Монако мен Қазақстан құрамалары арасындағы жеребе тарту рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Іс-шара барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аян есімді кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Рәсімге арнайы ала жіп дайындалып, баланың біреудің ала жібін аттамай, адал әрі парасатты азамат болып өсуі ниет етіледі. Тұсауды елге танымал, белгілі бір салада жетістікке жеткен тұлғаларға кестіру «сол адамның жолын берсін!» деген ырымнан туған.

Александр Бублик қаңтар айында Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, осы нәтижесінің арқасында әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Осылайша, ерлер арасындағы ATP рейтингінің ТОП-10 қатарына алғаш рет қазақстандық теннисшінің есімі жазылды.

Рәсім барысында бүлдіршін «ақ жол» жолағымен жүріп өтіп, теннис добын таңдады. Мұны іс-шараға қатысушылар жақсылыққа балап, Аян Болатұлына ақ тілегін арнады.

Сонымен қатар елордада 6-7 ақпан күндері Дэвис кубогі аясында теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы мен Монако командасы өзара мықтыны анықтайды.