Әлеуметтік желіде қандай арманы бар екенін айтты.
«Балаларды қолдағым келеді»: әнші Әmre арманын айтты
103
оқылды

Әmre лақап атымен танылған әнші Ернар Садырбаев әлеуметтік желіде қандай арманы бар екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол тәжірибесімен бөлісіп, шәкірт тәрбиелегісі келетінін жеткізді.

"Арманым бар! Вокалдық академия ашқым келеді. Өзімнің вокалдық мектебім болған еді, сол кезеңдерді жылулықпен еске аламын. Тәжірибем жетеді, шүкір. Бір тәуекел жетіспей жүр. Ең мықты мықты педагогтарды жинап, қазақ балаларын қолдағым келеді", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, әнші өткен жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.