Сол күні ер адам әйелін ультрадыбыстық тексеруге апара жатқан екен.
«Бесінші сәбиін күтіп жүрген...»: Ақмолада жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
91
оқылды

Ақмола облысында «Ақсу – Бестөбе – Изобильное» тасжолында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға  LADA Largus  және  Toyota Land Cruiser Prado көліктерінің қатысуымен болған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес,  LADA Largus  көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Қаза болғандар – төрт баланың анасы, бесінші сәбиін күтіп жүрген әйел және оның жұбайы. Сол күні ер адам әйелін ультрадыбыстық тексеруге апара жатқан екен.

Полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге келесі ережелерді қатаң сақтауды ескертеді:

Жылдамдық режимін сақтау, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды жерлерде;

Көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстау;

Жолда аса мұқият болу.

Осы қайғылы жағдай қоғамға жол қозғалысы ережелерін орындаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.