Жолды 2026 жылғы 7 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы күрт бұзылып, Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
146
оқылды

ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– 2026 жылғы 06 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 7 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.