– Қой деймін саған болды. Неге түсінбейсің, сен? Тыңда мені...
Декрет мәселесі
90
оқылды

– Тыңдамаймын ағай, неге тың­даймын? Менен құтылмақ­шы­сыз ба, сонда? Кетпеймін ешқайда.

– Айналайын-ау, мен сені жұмыстан шығарып жатқаным жоқ, басқалар сияқты сокра­щениеге жіберіп жатқаным жоқ, өзіңнің жағдайыңа байланысты декретный демалысың ғой айна­лайын-ау...

– Ой ағай, мен декретке кет­сем, аман-есен қайтіп келетініме гарантия бересіз бе?

– Айналайын-ау, мен сені соғысқа жіберіп жатырмын ба? Келесің ғой, неғып келмейсің?

– Неғып келмейсің деп қояды ғой. Декреттен декретке ұласып кетіп, 15 жылдан соң бір-ақ кеп тұрайын сол.

– Келе бер, орның сақталады ғой бәрібір.

– Ия сақталады. Атасының басы сақталады. 

– Әй, әй...

– Осы мекемеде декретке кет­кен қай қатынның орны сақта­лып­ты? Менің орныма да өзіңіз­дің әйеліңізді алайын деп жүрсіз.

– Әрине алам. Әй тоқта кім айтты оны саған?

– Ой, ағай, білемін бәрін. Екіншіден, айлық алып отырған жерімнен айырылғым келмейді, ағай.

– Қой, болды, жылама. Ойбай-ау енді жұмыс, жұмыс деп өлемі­сің? Ал сол жұмыста жүріп бір күні босанып қалсаң қайтеміз?

– Ой, қорықпаңыз, ағай, мына белден төмен қарай мықтап шпа­гат жіппен байлап тастағам. Так что, саспаңыз.

– Не? Ой масқара.

– Бұл ештеңе емес ағай, кеше үйге көмір түсіргенбіз. 8 тонна көмірді етегіме салып, 1 сағатта қораға тасып тастадым.

– Не дейді ойбай? Сен мына түріңмен көмір тасып жүрсің бе?

– Онда тұрған не бар?

– Қалай онда тұрған не бар, сен көмір тасып жатқанда күйеу­бала не істеп тұрды?

– Ол да қарап тұрған жоқ, ағай, сағатына қарап уақыт засекать етіп тұрды.

– Неге? 

– Спорласқанбыз, 1 сағатта тасып бола аламын ба, алмаймын ба? – деп.

– Уақыт санағанша тасымай ма өзі?

– Ағай, ол шаршайды күн ұзағына.

– Көп жұмыс жасай ма не? 

– Жоқ ол жұмыс істемейді, күн ұзағына ютуб қарап шаршай­ды. 

– Қатырған екенсіңдер. Ой­ла­ғаным айы күні жетті, уақыты келді деп.

– Ағай, қайдағы 7 ай? 18 ай болды.

– Не дейді ойбай 18 айы несі? Нормальный адам деген 9 айда босану керек қой.

– Ой ағай менікі хронический беременность қой. Басында жұмыс, жұмыс деп қол тимеді, кейіннен етім үйреніп кетті. Жүкті болып жүргенге бір үйреніп алсаң, жүре береді екенсің. Енді міне, декретке де шыққым кел­мей тұран жоқ па?

– Не дейді ойбай. Сонда қа­лай күйеуің сұрамай ма?

– Нені ағай? Не айтып тұр­сыз? Ұят емес пе?

– Өй, нені болғанда, «Сен осы че то көөөп екіқабат болып кеткен жоқсың ба?» – деп.

– Ааа. Ой, ағай, ол білмейді.

– Білмегені несі, күйеуің се­нің аяғың ауыр екенін білмей ме? Ақыл-есі дұрыс па өзі, кү­йеуің­нің? Жұмыс істемейді дедің бе?

– Айтып тұрмын ғой, үйде ақша табатын тек мен ғана. И вооб­ще, ойлап жүрмін ағай, үй алғасын бір-ақ босансам ба деп. 

– Не?

– Қазіргі келіншектердің көбі үйлі болмайынша тумаймын дейтін болыпты. Мен де сөйтемін. Үй алуға кезекке тұрдық, бұйыр­са, 5, 6-ақ жыл қалды. 

– Сен әлі 5, 6 жыл жүретін ойың бар ма? Әй, айналайын, үй алмайынша тумаймын деп жүр­ген­дер, олар әлгі үйлі болып, жағ­дайын жасап алғасын барып, ба­ла­лы болам деп жоспарлап жүр­гендер ғой. Ал сен уже нетіп қой­ғансың ғой.

– Ештеңе етпейді, ағай. Бір­ден қолына портфелін ұстатып, сразу мектепке баратын қылып бір-ақ туамын.

– Ойбай, «жүре берсең көре бересің» деген осы болды-ау. Масқара, масқара!

– Ағай негізі бар ғой екіқабат боп жүрген күшті ғой.

– Неге?

– Автобусқа кіріп келсем, бәрі орын береді ғой. Менде күш те бар ғой ағай, егер біреу-міреу орын бермесе, любойын желке­ден алып лақтырам. Ана жолы бір еркекті желкеден алып лақтырып жіберіп, орнына отырып алсам, сөйтсем ол сол автобустың шо­пыры екен ғой.

– Сенің өзі күлкің де біртүрлі екен қарағым, былай аузыңды жауып, айғайламай күлуге бол­май ма?

– Ағай, аузымды жауып, ай­ғай­ламай күлсем білесіз ғой не болатынын.

– Не болады?

– Босанып қалуым мүмкін.

– Не дейді ойбай, айғайлап күле берші онда.

– Сонымен не істейміз қал­қам-ау сені? Қалай қылсақ бола­ды енді?

– Жүре берейін, ағай. Қай күні босанам сол күні кетермін дек­ретке. Кезінде апаларымыз тезек теріп жүріп босанып қалып, ба­ланы етегіне салып үйге келе бер­ген ғой, ештеңе етпес. Ойбай ішім.

– Ай, сен қой давай. Прек­ра­щай давай. Ай, қайсысың барсың, көмектесіңдер. 

– Енді не істеймін ойбай! По­могите! Рожаю! Ағай, пранк қой. 

– Не пранк? Сен мені өлтіре­тін шығарсың бір күні.

– Мықтап қорқыттым ба, ағай?

– Сасқанымнан сен емес, мен босанып қала жаздадым ғой, ай­на­лайын-ау. 

– Менен құтылам дегенді қо­йы­ңыз. Маған орным керек. Сондықтан мені мазаласаңыз, осылай зәреңізді алам. 

 Бауыржан ОРДА