Әсіресе, Астанада пәтерлердің орташа құны тарихи межеден асып, бір шаршы метрі 600 мың теңгеден жоғары болды.
Астанада рекорд: қайталама нарықта пәтер бағасы 5,2%-ға өсті
102
оқылды

2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанның көптеген қаласында қайталама тұрғын үй нарығындағы баға өскені байқалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әсіресе, Астанада пәтерлердің орташа құны тарихи межеден асып, бір шаршы метрі 600 мың теңгеден жоғары болды.

Бір айдағы баға өзгерісі

Krisha.kz жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес, еліміз бойынша қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 2%-ға қымбаттаған. Ең жоғары айлық өсім Астанада тіркеліп, баға 5,2%-ға артты.

Қайталама нарықтағы орташа баға

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда қайталама тұрғын үйдің орташа бағасы бір шаршы метр үшін 419 126 теңгені құрады.

Ең қымбат қалалар:

Алматы — 804 695 теңге/ш.м

Астана — 601 740 теңге/ш.м

Шымкент — 490 000 теңге/ш.м

Ең арзан қалалар:

Қызылорда — 269 083 теңге/ш.м

Тараз — 321 653 теңге/ш.м

Ақтөбе — 324 013 теңге/ш.м

Жылдық өсім

2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, Қазақстанда қайталама тұрғын үй нарығындағы орташа баға 9%-ға өсті. Өткен бір жыл ішінде еліміздің бірде-бір қаласында бағаның төмендеуі тіркелген жоқ.