Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Ішкі істер министрі Шымкенттегі құқықтық тәртіп мәселелеріне арналған кеңес өткізді
109
оқылды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент қаласының Полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Министрдің нұсқауымен қалалық полиция бөліністерінде ІІМ-нің кешенді инспекторлық тексерісі басталды. Комиссия құрамына орталық аппараттың негізгі қызметтерінің өкілдері енгізіліп, оларға департамент пен оның аудандық бөлімдерінің қызметін жан-жақты зерделеу, жіберілген бұзушылықтардың себептерін анықтау және оларды жою бойынша нақты ұсыныстар беру тапсырылды.

Сонымен бірге жол-көлік оқиғаларының санын азайту бойынша кешенді шаралар қабылдауды, Жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтуді, сыртқы қызметтер мен жедел басқару орталығының жұмысын жетілдіруді, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді белсендірек енгізуді тапсырды.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Министр профилактикалық жұмысты жандандыруды, есепте тұрған тұлғаларға бақылауды күшейтуді, тәуекел топтарымен жұмысты арттыруды, сондай-ақ қылмыстың алдын алу саласындағы түпкі нәтижелер үшін басшылардың жауапкершілігін көтеруді талап етті.