Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында Тихая өзені бойында балықшы төтенше жағдайға тап болды. Мұздың опырылу салдарынан ол өздігінен жағаға шыға алмады.
Ер адам ұлына қоңырау шалып үлгерген, ұлы құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген Қазақстан ТЖМ қызметкерлері зардап шегушіні жағаға шығарып, жылытып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді: жұқа мұзға шықпаңыздар. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар.