Әнші Диана Исмаил Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бір сахнада ән шырқап, көптен бергі арманының орындалғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жас өнерпаз бұл сәтті шығармашылық жолындағы ерекше кезең ретінде бағалап, алған әсерін әлеуметтік желіде бөлісті.
«Роза Қуанышқызымен бір сахнада ән айту — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл күн менің шығармашылық жолымдағы тарихи кезең», — деп жазды Диана Исмаил.
Сондай-ақ қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаева сахнада жас әншіге ерекше құрмет көрсетіп, өз көйлегін сыйға тартқан.
«Роза Қуанышқызы ырымдап, сахнада өз көйлегін сыйлады. Роза апамыздың бағын берсін. Бұл — мен үшін тарихи сәт», — дейді Диана Исмаил.