Аталған факті бойынша бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Бизнесіңді жаптырамын!»: Шымкентте кәсіпкерді 20 миллион теңгеге бопсалаған блогер ұсталды
397
оқылды

Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіргені, кейін сол материалдарды сылтауратып, кәсіпкерге қысым көрсеткені анықталды.

Күдікті өзін түрлі уәкілетті органдардың атынан әрекет ететіндей көрсетіп, «тексеру ұйымдастырамын», «бизнесіңді жаптырамын» деп қорқытқан. Осылайша,  ол кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.

Жедел шаралар нәтижесінде күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша бопсалау бабымен  қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері ешбір адамның тексеру жүргіземін немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқығы жоқ екенін ескертеді. Мұндай жағдайға тап болған азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес беріледі.