Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан–Қытай шекарасында үшінші теміржол шекара өткелін салу жобасын жүзеге асыруда.
«Аягөз–Бақты» теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы талқыланды
Фото: gov.kz
122
оқылды

Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли «Аягөз–Бақты» теміржол құрылысының тапсырыс берушілерімен және мердігерлермен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаның іске асырылу барысы талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директор Илья Мещеряков жоба туралы баяндады.

Құрылыс Абай облысындағы «Семей–Ақтоғай» учаскесіне шығатын «Бақты–Аягөз» теміржол желісінің құрылысын қамтиды. Теміржолдың ұзындығы – 297 шақырым. Жоба аясында 11 станса, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автокөлік жол көпірі, 5 жаяу жүргінші көпірі, 16 бақылау құрылымы салынады. Бас мердігер – China Harbour Engineering Company Co. Ltd компаниясы.

Қазіргі таңда 144 техника мен 398 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарының жалпы ұзындығы 42 шақырым учаскеде жүргізілуде. «Аягөз–Бақты» жобасын іске асыру еліміздің Қазақстан–Қытай шекарасындағы өңірдің негізгі көлік-логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады. Бұл жоба мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан «Бақты–Аягөз» теміржол желісінің құрылысы – Абай облысы үшін стратегиялық маңызы бар ірі инвестициялық жоба. Оның табысты іске асырылуы өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, 1 200 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Көлік-транзиттік кешенді нығайтып, әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар  бұл жоба Қытай Халық Республикасымен ұзақмерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға берік негіз қалайды. Абай облысының әкімдігі қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті қолдауды көрсетуге әзір», – деді облыс әкімі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.