Қытай ғалымдары коронавирусты инфекциядан вакцина сынақтан өткізіп жатыр. Медицина ғылымдарының Әскери академиясының ғалымдары Уханьда жасаған тестілік вакцинасы еріктілерге егілді. 18-60 жастағы жергілікті тұрғындар ерікті болды.
Бұл препарат сыналушылардан ауру жұқтыруды талап етпейді. Ғалымдар еріктінің ағзасында антиденелер мен вирусқа иммунитет пайда болуын бақылайды.