Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.
Софья Самоделкина жаңа рекорд орнатты
Фото: Сали Сабиров
153
оқылды

Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.
Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай
10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай
Айта кетейік, қысқы Олимпиаданың тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.