Кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.
Атырау облысында 73 жастағы әйелдің мәйіті гараждан табылды
181
оқылды

Атырау облысында көлік гаражынан 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. 

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 19 ақпанда Орал қаласының 73 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Әйелдің Мақат ауданына келгені анықталған.

Полиция қызметкерлері ақпаратты тексеру үшін оның тұрған жеріне жедел барған. Үй мен аула аумағын тексеру барысында көлік тұрағының, яғни гараждың ішінен зейнеткердің мәйіті табылған.

Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде әйелге дене жарақатын салғанын айтқан. Марқұмның туыстары оның бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткенін жеткізген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.