Бүгінгі «Филиалдар» айдарының шығарылымында Қазақстанда ашылған New York Film Academy филиалы туралы айтатын боламыз.
Қазақстанда New York Film Academy филиалы ашылды
87
оқылды

Бұл оқу орны кино, актерлік өнер, сценарий жазу, анимация және геймдизайн салалары бойынша мамандарды даярлайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұнда NYFA-ның халықаралық академиялық стандарттары Қазақстанның креативті индустриясының нақты қажеттіліктерімен үйлеседі. Оқу үдерісі практикалық тәсілге негізделген: студенттер тек теорияны меңгеріп қана қоймай, күн сайын түсірілім алаңында жұмыс істейді, өз жобаларын жасап, кәсіби дағдыларын дамытады. Оқудың 90%-ы практикалық сабақтардан тұрады.

New York Film Academy Kazakhstan филиалы – америкалық білім беру жүйесі бойынша киноиндустрия практиктерін даярлайтын New York Film Academy жаһандық білім беру қауымдастығының бір бөлігі. Студенттер халықаралық деңгейдегі, индустрияда нақты тәжірибесі бар оқытушылардан білім алады.

Оқу үдерісі түсірілім процесі

* кәсіби жабдықтармен жұмыс
* монтаж және постпродакшн
* актерлік тренингтер
* сценарий әзірлеу
* анимация және ойын жобаларын жасау сияқты тәжірибемен тығыз байланысты.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:

* Filmmaking (Кинорежиссура)
* Acting (Актерлік шеберлік)
* Screenwriting (Сценарийлік шеберлік)
* 3D Animation & VFX (3D анимация және визуалды эффектілер)
* Game Design (Бейнеойындар дизайны мен әзірлеу)

ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

- New York Film Academy стандарттары бойынша білім беру
- Сабақтарды индустрияда тәжірибесі бар мамандар жүргізеді
- Студенттер оқу барысында-ақ өз жобаларын жасайды
- Ыңғайлы әрі креативті оқу ортасы
- Заманауи кәсіби жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету.

Әр формат киноиндустрияда өзіңізді сынап көруге, нақты практикалық тәжірибе алуға және бұл бағыттың сізге қаншалықты сәйкес келетінін түсінуге мүмкіндік береді.

Оқуға қабылдау NYFA стандарттарына сәйкес ішкі іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Ең бастысы – мотивация, индустрияға қызығушылық және практика арқылы оқуға дайын болу.