«Странджа» кубогы әуесқой бокс әлеміндегі ең беделді додалардың бірі саналады.
«Странджа» кубогінде Қазақстанның екі боксшысы жекпе-жек өткізуден бас тартты
Фото: әлеуметтік желі
106
оқылды

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирінде қазақстандық боксшылар Нұрлан және Даниял Сапарбай (+90 кг) өзара жекпе-жек өткізуден бас тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Даниял Сапарбай шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Соның нәтижесінде Нұрлан Сапарбай автоматты түрде жарыстың ширек финалына жолдама алды. Ал Даниял турнирдегі өнерін аяқтады.

Ағайынды екі жігіт бұған дейін ел ішіндегі жарыстарда да бір-бірімен бокстасудан бас тартқан.

Айта кетейік, «Странджа» кубогы әуесқой бокс әлеміндегі ең беделді додалардың бірі саналады және оны бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Биылғы жарыс 1 наурыз күні аяқталады.

Бұл турнирге Қазақстан құрамасы сапынан 39 спортшы қатысып жатыр: олардың 19-ы ерлер, 20-сы әйелдер құрамасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.