340 қазақстандықты Отанына қайтару жоспарланып отыр.
Flydubai Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды
Фото: gov.kz
78
оқылды

Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Көлік министрлігі мәліметінше, 340 қазақстандықты Отанына қайтару жоспарланып отыр.

«2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Жиддаға  2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.