Әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалап отыр.
Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейс жасауы мүмкін
Фото: istockphoto.com
94
оқылды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді уақытша тоқтатып, репатриациялық ұшуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Жиддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар Компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызға дейін (қоса алғанға) тоқтатады, ал билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанға) сатылмайды. 

«Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият қадағалауды жалғастыруда және жолаушыларды алдағы өзгерістер туралы жедел хабардар етеді», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.