Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты зорлау фактісі туралы дерек әлеуметтік желіде тараған. Құқық қорғау органдары ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті дереу қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті процестік және тергеу амалдарын жүргізуде. Полиция қызметкерлері айғақтарды жинап, қылмыстық процесс қатысушыларының барлық уәждерін мұқият тексеруде.
«Тергеу органдары істің барлық егжей-тегжейін жан-жақты зерделеуде. Қорытынды тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданатын болады», – делінген ресми хабарламада.
Тергеу мүддесі мен кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтарын қорғау мақсатында басқа мәліметтер жарияланбайды.