Әнші мамандығы бойынша 10 жыл білім алып, үш диплом алғанын атап өтті.
«Бар үмітім сіздерде...»: Мөлдір Әуелбекова көпшілікке өтініш айтты
105
оқылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жақында гастрольдік туры болатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші мамандығы бойынша 10 жыл білім алып, үш диплом алғанын атап өтті. Сонымен қатар биыл сегіз жыл үзілістен кейін кезекті гастрольдік турына шығатынын, көрерменнен қолдау күтетінін жасырмады.

«Үлкен сахнаға аяқ басқаныма 22 жыл. Кәсіби әнші болуым үшін 10 жыл білім алдым. 3 дипломым үйде. Биыл, араға 8 жыл салып кезекті турыма шықтым. Бұл менің 4-ші турым. Қыздар турға шыға бермейді. Адам жинау өте қиын. Себебі концертке баратын көбіне қыздар болған соң, ерлерге зал жинау оңайырақ. Біз тасада қалып қоямыз. Сондықтан, қыздар! Бар үмітім сіздерде! Әйелді әйел қолдайтынына сенімдімін. Турдың 1-ші кезеңі сәтті аяқталды! 2-ші кезең қалаларында сіздерді күтемін! Құрметпен Әдемі қыз!» – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.