Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ауқымды төтенше жағдайларға ден қоюға арналған «Алатау» жедел мақсаттағы Оңтүстік базасын дамытудың бас жоспарымен танысты.
«Алатау» жедел мақсаттағы Оңтүстік базасын дамытудың бас жоспары ұсынылды
Фото: gov.kz
105
оқылды

Жоба азаматтық қорғау жүйесінің күшті жер сілкіністеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге дайындығын арттыруға бағытталған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр нысанның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, еліміздің басқа да сейсмикалық қауіпті өңірлерінде осындай базаларды құру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

База күштер мен құралдарды үйлестіруді, авиациялық қолдауды, құтқару жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ зардап шеккендерге медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи көпфункционалды кешен ретінде қалыптастырылуда.

Жобаны іске асыру азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін және халыққа көрсетілетін көмектің тиімділігін едәуір күшейтіп, орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етуге, зардап шеккен халықты жаппай орналастыруға және дағдарыс жағдайларында кешеннің автономды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.