Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады.
Аяз, көктайғақ болады: 12 наурызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
297
оқылды

Қазгидромет 12 наурызда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда қар жауады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, тау аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаевта кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығтыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі. Түркістанда кей уақыттарда тұман болады.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман. болады. Оралда түнде және таңертең көктайғақ болады. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде күндіз қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Қостанайда түнде аздаған қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі.

Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Көкшетауда түнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.