Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төра­ғалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асы­рылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.
Сандық жүйеден – сапаға
136
оқылды

Жиын барысында Премьер-ми­нистр­дің орынбасары – Жасанды ин­теллект және цифрлық даму ми­нистрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту ми­нистрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғы­лым және жоғары білім министрі Сая­сат Нұрбек, Денсаулық сақтау ми­нистрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы ми­нистрі Мәди Такиев, Өнеркәсіп жә­не құрылыс министрі Ерсайын На­ғас­­паев, Көлік министрі Нұрлан Сау­ран­­баев баяндама жасады.

Сонымен қатар Мемлекет бас­­­шысына Жоғарғы сот пен Сот әкімшілігінің, Ұлттық банк­тің, «Самұрық-Қазына» ак­цио­нер­лік қоғамының цифр­лық ше­­шімдері таныс­ты­рыл­ды. Мем­­лекеттік орган­дар­дың же­тек­шілері Пре­зи­дент­ке эко­но­ми­ка салаларын жә­не мем­ле­кет­тік басқаруды цифр­лық тұр­­­­­ғыдан трансфор­мациялау бойынша атқарыл­ған жұмыс пен алдағы жоспар жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мем­­­­­ле­кеттік құрылымдар Жа­сан­ды ин­теллект және цифр­лан­дыру жы­лы аясында ау­қым­­ды жұмыс іс­теуі қажет еке­ніне назар аудар­ды. Негізгі мақ­сат – озық тех­но­логия мен жа­санды интеллектіні ел өмі­рі­нің әр саласына жаппай ен­гізу.

– Ең алдымен, қолайлы инс­титуционалдық, құқықтық жә­не іскерлік орта қалып­тас­ты­ру қа­жет. Қазақстан – ың­ғай­лы және озық цифрлық рет­теу жүйесін енгізген ел­дер­дің қатарында. Біз бұл жұ­мыс­ты алғашқылардың бірі болып бас­тадық. Атап айт­қан­да, елі­міз­де Цифрлық кодекс қ­а­был­дан­ды. Жасанды интел­лект ту­ралы арнайы заң күшіне ен­ді. Бірақ бұл тек ауқымды жұ­­мыстың басы ғана, мұнымен тоқ­тап қалмауымыз керек. Әлем­­де болып жатқан өзгеріс­тер­­дің қарқыны өте жоғары. Оны жақсы білесіздер. Ғылым, бі­лім, технология аса жоғары жыл­дамдықпен дамып жатыр. Сон­дықтан нормативтік құ­жат­тарды да дер кезінде жаңар­тып отыру керек. Бір сөзбен, қа­зіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын «Цифрлық мемлекет» ұғымын қалыптас­тыру қажет, яғни Digital Qazaq­stan стратегиясы аза­маттар мен бизнестің нақты та­лап-тілегін ес­керуге тиіс, – де­ді Мемлекет бас­шысы.

Президент Digital Qazaq­stan халық мүддесіне қызмет ете­тін құжат болуға тиіс деп са­найды. Дегенмен шұғыл ше­шімін табуға тиіс бірқатар мә­се­ле де бар.

– Мемлекеттік аппарат қыз­м­етін цифрландыруды же­дел­дету қажет. Қазіргі кезде мем­ле­кеттік қызметтің 90 пайыз­дан ас­­тамы онлайн фор­матқа ауыс­тырылған. Ве­до­мствоаралық ақпарат жүйелері біріздендіріл­ген үдеріске кі­рік­­тірілмеген. Же­делдік пен са­па барлық ке­зең­­­­де басым­дық­қа айналуға тиіс. Бұған дейін айтқанымдай, адам­­дар­ды жүгіртіп, әуре-сар­саң­ға сал­май, деректерді барын­ш­а қол­жетімді еткен жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайым­дауынша, Digital Qazaq­stan стратегиясында қағаз­бас­ты­лық­тан арылып, ішкі про­цес­тер­ді түбегейлі қайта құруға баса мән беру қажет.

– Цифрландыру мен бю­ро-к­ра­тия – от пен су сияқты бір-бірі­­не кереғар құбылыстар. Біз за­­манауи технологияларды ес­кірген бюрократияның тар шең­беріне қамауға тырыспай, жаңа­ша жұмыс істеп үйренуі­міз ке­рек. Заманауи цифрлық мем­ле­кет жасанды интел­лек­тіге бейім­делуге және ауқымды де­рек­тер қорын оңтайлы пай­да­ла­ну­ға міндетті. Осынау жаңа әрі күр­делі саланың ма­ма­ны – сіз­дер. Қайткенде де, со­лай ата­ла­сыз­дар. Ендеше не тұрыс? Бізге нә­тиже керек. Жа­санды ин­тел­лект туралы жаңалықтарды үне­мі оқып оты­рамын. Технология­ның қарқынды дамып келе жат­­қаны соншалық, Қазақ­стан­ның цифрлық келешегіне алаң­дай бастайсың. Меніңше, про­цесс өте баяу жүріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке мем­ле­кет­­­тік аппаратты түбегейлі транс­­формациялау міндетін жүк­теді. Бұл істі үйлестірумен Жа­санды ин­теллект және цифр­лық даму ми­нистрлігі айналысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ве­домство жыл соңына дейін өз­гелерге үлгі көрсетіп, азамат­тар­мен, бизнеспен және мем­ле­кеттік органдармен қарым-қатынастың жаңа форматына бірінші болып ауысуы керек екенін атап өтті.

Президент AI-Sana бағдар­ла­масын одан әрі дамыта оты­рып, нақты нәтижелерге қол жет­кізуді тапсырды.

Бұған қоса, Мемлекет бас­шы­сы отандық IT-бизнестің көк­жиегін кеңейтуді негізгі мін­деттердің бірі ретінде қарас­тыру­ға шақырды.

– Бұл бағытта қазірдің өзінде көп жұмыс істелді. Astana Hub-тың негізінде кәсіпкерлерге ба­рынша қолайлы жағдай жа­сал­ды. Еліміздегі IT қызмет­тер­дің экспортынан түскен табыс 1 мил­лиард долларға жуықтады. Зияткерлік өнім өндіретін, оны шет­елге сататын жобаларға мем­­лекеттік қолдау көрсетілуі қа­жет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жа­санды интеллект техноло­гия­ларын өндіріс саласына енгізуді ынталандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені шешуді тапсырды. Пре­зиденттің айтуынша, жасан­ды интеллектіні экономиканың нақты секторында кеңінен қол­дану технологиялық дербестік пен экономикалық өсімнің маңыз­ды факторы саналады. Үкіметтің алдында өнеркәсіпке озық технологиялар енгізу үшін ынталандыру тетіктерін қарас­тыру міндеті тұр.

– Азаматтарға арналған банк қыз­меттеріне айрықша тоқтал­ғым келеді. Менің тапсыр­мам­мен Ұлттық банк цифрлық қар­жы инфрақұрылымын жаса­ды. Оның аясында банкаралық QR-төлемдер және аударымдар, цифрлық теңгемен есеп айы­рысу қызметтері пайда болды. Бұл төлем тізбегіндегі делдалдар са­нын қысқарту арқылы шы­ғын­ды айтарлықтай азайтуға мүм­­кіндік береді. Банктер заң жү­­зінде аталған инфра­құры­лым­ға қосылуға міндеттелді. Алай­да ірі банктер бұл талапты соз­балаңға салып, орындамай отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт­тық есептеуші инфрақұрылымды дамытудың маңызына назар ау­­дарды. Сонымен қатар екі су­перкомпьютердің іске қосылуы еліміздің технологиялық дер­бес­тігін нығайту тұрғысынан зор стратегиялық мәнге ие еке­нін айтты. Президенттің пі­кі­рін­­ше, деректерді басқаруға қа­тысты жауапкершілікті бөлу қажет. Деректердің сапасына ведомстволардың бірінші бас­шылары жауап беруге тиіс. Де­рек­терді басқарудың мем­ле­кет­тік деңгейдегі толық жүйесін қа­лыптастыру оны эконо­ми­ка­лық актив ретінде қарастырудың маңызды қадамы болмақ.

Сонымен қатар баяндамада крип­тоиндустрияны дамыту мә­се­лесі көтерілді. Бұл саланы рет­­­­тейтін заңнамалық өзгерістер биыл мамыр айында күшіне ене­ді. Президент қаржы саласын рет­теуші органдарға Үкіметпен жә­не құқық қорғау орган­дары­мен бірлесіп, цифрлық активтер са­ласын дамыту жоспарын әзір­леуді тапсырды. Онда қаржы тұ­­­рақтылығына зиян келтірмеу, алаяқтыққа және капиталды заң­сыз шығаруға қарсы тиімді кү­рес шаралары ескерілуге тиіс.

Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шы­­­сы құпиялылықты сақтау­дың, дербес дерекке заңсыз қол жет­­кізу­дің кез келген түріне тос­­­қауыл қоюдың маңызына на­зар ау­дарды. Президенттің пі­кі­рін­ше, же­ке мәліметтің та­рап ке­ту жағ­дай­лары мемлекетке де­ген се­нім­ді азайтады. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыз жаңа Ата Заң жобасын қолдаса, дер­бес де­рек­терді қорғау конс­ти­туция­лық мін­дет ретінде бекі­тілетінін жет­кізді.