Медицинада онкологиялық аурулар деп аталатын дертті қа­зақ жалпақ тілмен «обыр» дейді. Обыр – ағзадағы жа­су­­шалардың мутацияға ұшы­рап, бақылаусыз көбейіп, қа­­­терлі ісікке айналуынан пай­да болатын күрделі ауру. Қа­зіргі заманда бұл дерт тек ме­дициналық мәселе ғана емес, қоғамның әлеуметтік, пси­хологиялық және эко­но­­­­микалық жағдайымен де ты­ғыз байланысты күрделі құ­былысқа айналып отыр.
Обырмен күрес: Науқастар неге шетелге ұмтылады?
106
оқылды

Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің соң­ғы мәліметіне сәйкес, өткен жыл­дың өзінде елімізде қатерлі ісік­ке шалдыққан 42 мыңнан ас­там жаңа жағдай тіркелген. Ал бү­гінде диспансерлік есепте тұр­ған науқастардың жалпы саны 246 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш он­кологиялық аурулардың қоғам үшін қаншалықты өзекті мәселе екенін айқын көрсетеді.

Жалпы алғанда, онкологиялық аурулар дүниежүзілік статистикада да, Қазақстандағы денсаулық сақ­тау көрсеткіштерінде де өлім-жі­тім себептері бойынша екінші орын­­да тұр. Бірінші орында жү­рек-қан тамырлары аурулары, яғ­ни инфаркт пен инсульт сияқты дерт­тер келеді. Қатерлі ісік адам өмі­ріне қауіп төндіретін негізгі ау­рулардың бірі болғандықтан, мем­лекет бұл бағыттағы меди­ци­на­лық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.

Мәселен, елімізде 2023-2027 жылдарға арналған Қа­терлі ісікпен күрес жөніндегі ке­шенді жоспар қабылданған. Бұл құ­жат Қазақстандағы онко­ло­гия­лық көмектің барлық жүйесін жаң­­ғыртуға бағытталған негізгі ст­­ратегиялық бағдарлама са­на­ла­ды. Кешенді жоспардың бас­ты мақ­саты – қатерлі ісікті ерте ке­зең­де анықтаудың тиімділігін арт­тыру, мамандандырылған ем­деу тәсілдерін дамыту, заманауи те­рапиялық әдістерді енгізу және ел­дің барлық өңірінде онколо­гия­лық инфрақұрылымды нығайту.

Аталған жоспарды іске асыру үшін мемлекет тарапынан ша­ма­мен 460,7 млрд теңге көлемінде қо­мақты қаржы бөлінген. Бұл қа­­­­ражат медициналық қыз­мет­тер­дің қолжетімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар аурудың ас­қын­ған түрлерін азайтуға және қа­­терлі ісіктен болатын өлім-жі­тім деңгейін төмендетуге бағыт­тал­ған.

Кешенді жоспардың нәтижесі бел­­гілі бір деңгейде байқала да бас­­­­­­­­­тады. Соңғы жылдары онко­ло­гия­лық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайып келеді. Мы­салы, былтыр бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 61 жағ­дай­ға дейін төмендеген. Сонымен қа­тар пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 63 пайызға дейін өскен. Бұл – медицина са­ла­­сындағы оң өзгерістердің көрі­ні­сі.

Алайда осы көрсеткіштер елі­міз­де онкологиялық науқастарды ем­деу толық деңгейде жақсарды де­генді білдіре ме деген сұрақ туын­дайды. Өйткені әлеуметтік же­лілерге көз жүгіртсек, шетелге ба­рып ем қабылдап жатқан отан­дас­тарымыздың аз емес екенін бай­қаймыз.

Расында, Қазақстанда он­ко­ло­гиялық дерті бар науқастарға ем те­гін көрсетіледі. Ал көптеген шет мем­лекеттерде мұндай емдеу қыз­меттері толықтай ақылы түрде жүр­­­­­гізіледі. Ондағы химиотера­пия, сәулелік терапия, таргеттік те­рапия немесе күрделі хирургия­лық операциялардың бағасы өте қым­бат. Мұндай қаржыны қа­ра­пайым табысы бар көптеген от­ба­сы көтере алмайтыны анық.

Сондықтан соңғы жылдары ауыр дертке шалдыққан жан­дарға көмектесу үшін әлеу­мет­тік желілер арқылы қаражат жи­нау үрдісі кең тарады. Нау­қас­тың атынан арнайы есепшот ашы­лып, емге қажетті миллиондаған теңге халықтан жиналады. Бас­тап­­қыда, яғни отандастарымыз Facebook пен Instagram желілерін кеңі­нен қолдана бастаған,  2010-жыл­­дары мұндай жағдайлар қо­ғамға тосын­дау көрінетін. Алай­да уақыт өте ке­­ле бұл құбылыс үй­рен­шікті жағ­­­­­­­­­дайға айналып бара жат­қандай.

Қазір әлеуметтік желіні ашқан сайын ауыр дертке шалдыққан адам­ның тағдырын баяндаған жаз­­баларды жиі кездестіреміз. Он­­да науқастың жағдайы күн сайын нашарлап бара жатқаны ви­­део немесе фотосуреттер арқы­лы көрсетіліп, шетелде ем қабыл­дау үшін қаржылай көмек сұра­ла­ды.

Алайда шетелде емделіп, то­лық сауығып кеткен қазақстан­дық­тар туралы нақты әрі толық ста­тистика жоқ. Мұндай мәлімет­тер денсаулық сақтау органдарын­д­а жүргізіле ме, жоқ па – бұл да көп­шілікке беймәлім.

Әлеуметтік желілер арқылы қаражат жинап жүрген нау­қастардың көпшілігінің әлеу­мет­тік жағдайы күрделі екені бел­гі­лі. Сонымен қатар халықтан кө­­­мек сұрамай-ақ, өз қаржысына шет­елде емделуге мүмкіндік таба­тын азаматтар да бар.

Осы тұста заңды сұрақ туын­дай­ды: қаржысы бар да, жоқ та нау­қастар неге шетелде емделуді қа­лайды? Отандық медицина он­кологиялық ауруларды емдеуде әл­сіз бе? Дәрі-дәрмектердің са­па­сы төмен бе? Әлде диагноз қою жүйе­сінде мәселе бар ма?

Осы сұрақтарды медицина са­ла­­сының мамандарына қойып көр­дік.

Медицина саласында 20 жыл­дан астам еңбек етіп жүрген жал­пы тәжірибелік дәрігер Күмісай Ата­шева қатерлі ісікке шалдыққан нау­қастардың шетелге емделуге ұм­­тылуын, ең алдымен, ақ­парат­тық ықпалмен байланыстырады.

– Әлеуметтік желілерде жүз мың­даған, тіпті миллиондаған оқыр­маны бар танымал адам­дар немесе блогерлер науқасың атынан есепшот ашып, ха­лық­тан қаражат жинаған жағ­­­дайлар жиі болды. Олар қоғамда танымал бол­ған­дық­тан, емге қажетті қаржы да жыл­дам жиналды. Соның нәти­же­сін­де, науқастар шетелде ем қа­былдай бастады. Осылайша, шет­елде ем­делу белгілі бір дең­гей­де жарна­ма­ланды деуге болады. Кей жағдайда мұндай науқандар арқылы кейбір адамдар өздері де табыс тапты, – дей­ді дәрігер.

Маманның айтуынша, отан­­­дастарымыздың шет­­­елге қызығуының тағы бір се­бе­бі – ол жақтағы қызмет көрсету дең­гейінің жоғары болуы.

– Науқас ақшасын төлейді. Ұшақ­тан түскен сәттен бастап ар­найы қызметкерлер қарсы алып, клиникаға орналасқанға дейін бар­лық ұйымдастыру жұмысын өз­дері атқарады. Біздегідей ұзақ уа­қыт құжат жинап, түрлі ме­ке­менің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Көптеген мәселе бір-екі кабинетте шешіледі, – дейді ол.

Сонымен қатар маман Қазақ­станда да онкологиялық көмектің сапасы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын атап өтті.

– Елімізде қатерлі ісікті ерте анық­тауға арналған скринингтік бағ­дарламалар енгізілген. Аза­мат­тар бұл тексерулерден тегін өте ала­ды. Бұрын қатерлі ісіктің ағзаға қан­шалықты таралғанын анық­тай­тын ПЭТ/КТ аппараттары тек Астана қаласында ғана болатын. Қа­зір мұндай құрылғылар Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында да бар. Түркияда бұл тексерудің баға­сы шамамен 2500 доллар тұрады. Ал бізде науқастар кезек арқылы те­гін немесе салыстырмалы түрде ар­зан бағамен өте алады, – дейді дәрі­гер.

Күмісай Аташева, сондай-ақ Қазақстанда генетика­лық-молекулярлық зерттеулердің де дамып келе жатқанын атап өтті. Мұн­дай тестілер науқасқа ең тиім­ді емдеу тәсілін таңдауға мүмкіндік береді.

– Мысалы, науқасқа алдымен хи­миотерапия қажет пе, әлде опе­рация тиімді ме немесе емді дә­рі­лік терапиядан бастау керек пе – осының бәрін молекулалық зерт­­­теулер анықтауға көмек­тесе­ді, – дейді ол.

Дегенмен маман саладағы не­гіз­гі проблемалардың бірін де жа­­­­­сырмай айтты. Оның пікірінше, он­колог мамандардың жетіспеу­ші­­лігі және науқастарға пси­хо­ло­гия­лық қолдау көрсетудің әлсіздігі бел­гілі бір қиындықтар туғызады.

– Көп жағдайда пациенттер дәрі­герден тек медициналық ем ға­на емес, моральдық қолдау да кү­теді. Егер мұндай қолдау жет­кі­лік­сіз болса, науқастар клини­ка­дан клиникаға ауысып, әртүрлі ма­маннан кеңес алып, тіпті шет­елге кетуге де шешім қабыл­дай­-ды, – дейді ол.

Ал фармаколог Нұрас Алибаев нау­қастардың шетелде емделуге ұм­тылуын көбіне логистикалық жә­не бюрократиялық қиын­дық­тармен байланыстырады.

– Науқастар емді бастау үшін бір­аз уақыт күтуге мәжбүр болады. Ал онкологиялық ауруларда уа-қыт – ең маңызды фактор. Себебі ісік­тің қалай дамитынын алдын ала болжау қиын. Пациент ал­ды­мен жергілікті емханаға тіркеледі, одан кейін бірнеше талдау тапсы­ра­ды, түрлі маманның кеңесін ала­ды. Бұл процестер кейде ұзаққа со­зылады, – дейді ол.

Фармакологтың айтуынша, Қа­зақстанда онкологиялық ауру­ларды емдеуде қолданылатын химиялық препараттардың басым бөлігі – классикалық цитоста­тик­тер.

– Олардың қатарына Цисп­ла­тин, Карбоплатин, Доксорубицин, Цик­лофосфамид сияқты дәрілер жа­тады. Бұл препараттардың көп­ші­лігі – генерикалық дәрілер. Яғ­ни, бастапқы түпнұсқа препа­рат­тардың патент мерзімі аяқ­тал­ған­нан кейін әртүрлі елдерде сол пре­параттың аналогтары өнді­рі­ле­ді. Белсенді заты бірдей бол­ға­ны­мен, құрамындағы қосымша зат­тарда айырмашылық болуы мүм­кін. Сол себепті кейбір нау­қас­тар түпнұсқа препараттардың са­пасы жоғары деп есептейді, – дейді ол.

Сонымен қатар маман Қазақ­стандағы емдеу жүйесі халық­ара­лық клиникалық хаттамаларға сәй­кес жүргізілетінін атап өтті.

– Мысалы, таргеттік терапияда қол­данылатын Трастузумаб, Эло­тузу­маб, Иматиниб, ал имму­но­те­ра­пияда қолданылатын Пембро­лизу­маб секілді препараттар жо­­­­­ғары тиімділік көрсетіп отыр. Әсіресе, сүт безі, өкпе және коло­рек­­талды қатерлі ісік түрлерін ем­­деуде жақсы нәтижелер бай­қа­ла­ды, – дейді ол.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда қа­терлі ісікке шалдыққан нау­қас­тарды емдеу халықаралық стан­дарт­тарға сай жүргізіледі. Мем­ле­кет бұл бағытқа айтарлықтай қар­жы бөліп, медициналық инф­ра­құрылымды жетілдіруге күш са­лып келеді. Соның нәтижесінде, соң­ғы жылдары пациенттердің өмір сүру ұзақтығы да артып отыр.

Соған қарамастан, шетелде ем­делуге деген сұраныс әлі де жо­ғары. Мұның себебі тек ме­дициналық факторлармен ғана шек­телмейді. Психологиялық се­нім, бюрократиялық кедергілер, қыз­мет көрсету сапасы және ақ­па­раттық ықпал сияқты түрлі әлеу­­меттік фактор да бұл үр­діс­ке әсер етуде.

Сондықтан онкологиямен кү­ресте тек медициналық техно­ло­гияларды дамыту ғана емес, со­ны­мен қатар пациентке бағытталған қыз­мет мәдениетін қалыптастыру, же­дел ұйымдастыру жүйесін же­тіл­діру және дәрігер мен науқас ара­сындағы сенімді нығайту да маңызды міндеттердің бірі болып қа­ла бермек.

Айгүл СЕЙІЛ