Жартылай финалда қазақстандық теннисші украиналық Элина Свитолинадан басым түсті.
Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің финалында бақ сынайды
137
оқылды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші украиналық Элина Свитолинадан басым түсті.

Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалда Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.