Бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасына дауыс беру үшін Референдум өтеді.
Жапония мен Кореяда референдум учаскесі жұмысын бастады
186
оқылды

Қазақстанның Жапониядағы елшілігі жанындағы №425 референдум учаскесі Токио уақытымен сағ. 07:00-де өз жұмысын бастады. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстанның Жапониядағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі референдум учаскелерінде еліміздің жаңа Конституциясы бойынша референдумде дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастайды.

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. 

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. 

Сеулде #422 және Токиода #425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. 

Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің каналымызда жүйелі түрде берілетін болады.