Ол өз дауысын елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 дауыс беру учаскесінде берді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
Фото: Серікжан Қобланбаев, фотограф
205
оқылды

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол өз дауысын елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 дауыс беру учаскесінде берді.

 Бүгінгі референдум конституциялық реформа бойынша жарты жылдан астам уақытқа созылған қоғамдық талқылаулардың қорытындысын шығарады. 189 күн бойы өткен талқылауларға мыңдаған азамат, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Осы уақыт аралығында біз қоғамдағы белсенділікті және азаматтардың кеңінен қатысқанын көрдік.

Негізінен, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар қандай қоғам құратынымызды, еліміз қандай құндылықтар мен қағидаттарға сүйеніп дамитынын анықтайтын шешім қабылдайды. Еске сала кетейін, бұл – соңғы төрт жылдағы үшінші референдум. Президенттің барлық маңызды әрі негізгі шешімдер референдум арқылы, яғни барлық азаматтардың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс деген қағидаты біздің саяси өмірімізде қалыптасқан тұрақты тәжірибеге айналды.

Соңғы жылдары Қазақстан мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог пен бірлескен шешім қабылдаудың үлгісін көрсетіп келеді. Еліміз саяси өмірдің жоғары қарқынын және прогреске ұмтылысын айқын байқатып отыр,  деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның XII отырысында сөйлеген сөзінде заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде жаңа Ата Заңның мәтіні оқуға жеңіл, түсінікті әрі құқықтық тұрғыдан нақты құжат ретінде әзірленгенін айтқан еді.