Отбасы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттауды мақсат еткен.
Атыраулық отбасы дауыс беруге ұлттық киіммен келді
фото: Aikyn.kz
157
оқылды

Атырау қаласындағы №264 дауыс беру учаскесіне Қуандыховтар отбасы ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттауды мақсат еткен Байтемір Қуандыхов пен жұбайы Жанаргүл Қабдырова ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқаннан тыс қалмайтынын атап өтті.

– Бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын күн. Мемлекет басшысының бастамасымен референдум күні жарияланды. Біз де өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Елдің жарқын болашағына, келешек ұрпақтың игілігіне қызмет етсін деген ниеттеміз, – деді олар.

Баян Жанұзақова