Мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады
Конституция есімді қанша қазақстандық бар?
165
оқылды

Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Ал Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.

Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандарда. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам.

Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген.