Осылайша, «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша құжат қабылдау ресми түрде басталды.
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды: биыл 635 стипендия бөлінді
89
оқылды

«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасына құжат қабылдау 16 наурызда басталып, 16 қазанға дейін жалғасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сондай-ақ «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 16 наурыздан 30 қазанға дейін жүргізіледі. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы немесе Астана қаласындағы Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде тапсыруға болады.

Осылайша, «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша құжат қабылдау ресми түрде басталды.

Биыл «Болашақ» бағдарламасына бірқатар жаңалық енгізілді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары және жүлдегерлері (I–III орын) үшін «бакалавриат» санаты енгізілді.

Сонымен қатар атом энергетикасы саласында мамандар даярлауға арналған жеке бағыт іске қосылды. Ал «Жасанды интеллект» бағыты бойынша кәсіби тағылымдамалар үшін бөлек санат қарастырылған.

2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 635 стипендия бөлінді. Оның ішінде:

- бакалавриат бағдарламасына – 20 стипендия;

- магистратура бағдарламасына – 400 стипендия;

- докторантураға – 50 стипендия;

- тағылымдамаларға – 165 стипендия.

Ал «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша биыл 250 стипендия қарастырылған.

Мемлекет оқу ақысы, тағылымдамадан өту шығындары, әуе билеті, медициналық сақтандыру, визалық алымдар және оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді. Сонымен қатар стипендиаттарға ай сайын шәкіртақы төленеді.