7 954 666 адам референдумда Ата Заңды өзгертуді қолдаған.
Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды
157
оқылды

Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның түпкілікті нәтижесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 482 613 адам. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, 15 наурызда дауыс беруге құқылы 9 127 192 азамат таңдау жасаған. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,12%-ы. Оның ішінде 7 954 666 адам референдумда Ата Заңды өзгертуді қолдаған. Бұл дауыс бергендердің 87,15%-ын құрайды. 

Конституцияны өзгертуге қарсы дауыс берген адамдар саны – 898 099 адам. Сонымен қатар 127 868 бюллетень жарамды деп танылғанына қарамастан, дауыстарды санау кезінде есепке алынбаған. 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды. 

– Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім егер оны жақтап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кемінде 2/3 дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Бұл ретте әр өңірде осы шешімді жақтап, азаматтардың басым көпшілігі дауыс берді. Осылайша, "Республикалық референдум туралы" заңнамадағы елдің 20 өңірінің 2/3-де дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң шешімді жақтап дауыс беруі туралы талап сақталды. Сондықтан жаңа Конституция қабылданды деп танылады, – деп мәлімдеді Нұрлан Әбдіров.