Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.
Көктайғақ болады, тұман түседі: 18 наурызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
111
оқылды

Еліміздің 13 облысында 18 наурызда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Алматыда да түнгі және таңғы уақытта тұман болжанып отыр. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) да тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстігі мен шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ақтөбе облысында тұман болжанады.

Ақмола облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей тұста 15–20 м/с-қа жетеді.

18 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Жолдарда көктайғақ болады.

Қостанай облысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз облыс орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Күндіз солтүстігінде және шығысында батыс және солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Батысында және таулы өңірлерінде солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с күшейеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.