«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партия­лық жобасы аясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев тұрғындарды қабылдады.
Баспана мәселесі қаралды
76
оқылды

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төр­а­ғасы Мұрат Жолдыхожаев, сондай-ақ Тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» қалалық филиалының басшылық өкілдері қатысып, азаматтардың өтініш­терін жан-жақты қарастырды.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, үй кезегінің жылжымай жатқаны, кей жағдайда өте баяу ілгерілейтіні жөнінде шағымдар айтылды. Сонымен қатар азаматтар кәріз жүйесінің жағдайы, көшелер мен аулаларды жарықтандыру сияқты инфрақұрылым мәселелерін де ортаға салды.

Қабылдау барысында әкім орын­басары Берік Беркімбаев көтерілген әрбір мәселені тиісті сала басшыларымен бірге талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Кейбір мәселелер сол жерде оң шешімін тапса, күрделі әрі қосымша зерделеуді қажет ететін түйт­кілдер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Жиын барысында азаматтарға қол­даныстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың құқық­тық сауаттылығын арттыруға баса мән берілді. Сондай-ақ алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нақты шешімдер қабылданатыны айтылды.

Мұрат Жолдыхожаев өз кезегінде мұндай қоғамдық қабылдаулардың ма­ңыздылығына тоқталып, тұрғын­дар­дың мәселелерін жүйелі түрде шешу партия жұмысының басты бағыттары­ның бірі екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы – азаматтардың әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін жедел шешуге бағытталған тиімді алаңдардың бірі. Мұндай қабылдаулар халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындардың нақты мәселелеріне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік береді.

Елнар ЕЛТАЙ