Qalqan цифрлық экожүйесін енгізу медициналық қызметтерді растау процесіне науқастарды тартуға және жалған тіркеулерді жоюға мүмкіндік береді.
Елімізде медициналық қызметтерді QR-код арқылы бақылау үшін Qalqan экожүйесі енгізіледі
Фото: iStock
84
оқылды

QR-кодтарды пайдалану және мобильді қосымшалармен интеграциялау арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі ашықтықтың жаңа тетіктері туралы "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ басшысы Жанасыл Оспанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, бүгінде медициналық ұйымдар БСН бойынша жүйеде авторизациядан өтіп, өздерінің өндірістік базасын цифрландыруда. Нәтижесінде, үш деңгейлі сәйкестендіру жүйесі: ғимараттың, медициналық бөлімшенің QR-коды және емдеуші дәрігердің жеке коды қалыптасады. Науқас тек қосымшаны ашып, осы QR-кодты сканерлеп, көрсетілген қызметтердің дұрыстығын тексеруі керек.

"Көрсетілген медициналық қызмет бойынша ақпарат кейіннен хабарлама арқылы пациенттің жеке кабинетіне түседі. Алайда ақпараттар медициналық қызмет туралы ғана емес, сонымен қатар қызмет құны мен қаржыландыру көздері бойынша да беріледі. Осылайша, егер қызметті МӘМС шеңберінде алғаны туралы  хабарлама келіп түссе, ал науқас қызмет ақысын өз қалтасынан төлеген жағдайда аталған қосымшада бірден шағымдануына болады", – деп атап өтті Жанасыл Оспанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.